Басты тақырып

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің дене бөліктері табылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Екібастұз қаласында қоқыс контейнерінен әйел адамның дене бөліктері табылғаннан кейін адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Мұхтар Әуезов көшесіндегі қоқыс жәшігінен әйелдің дене бөліктері салынған қаптар табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті Павлодар облысы полиция департаменті растады.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.

Полиция Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Көп оқылғандар