Депутат: «Қазақтелеком» «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезінде жанкүйерлерді қорлады

Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи ойынды онлайн тамашалағысы келген мыңдаған қазақстандық интернет пен тікелей эфир сапасының төмендігінен көре алмай қалды.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы бұл жағдайды сынға алып, «Қазақтелекомның» жұмысына наразылық білдірді.

> «Мұндай жүктеменің көп болатынын бәріміз білдік. Соған лайықтап дайындалу керек еді. Тарифті көтергенде алдына жан салмайтын «Қазақтелеком» осындай жағдай болатынын білді. Жанын салып жанкүйер болам деген азаматтардың жолын кескені – менің қатты жаныма батты. Кеше мыңдаған азаматтар испаниялық сайттардан көрді. Өз телеарнамыздан көре алмау – бұдан асқан қорлық жоқ», – деді депутат.

Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде де байланыс сапасының төмендігін сынап, матчты шетелдік платформалардан көруге мәжбүр болғанын жазуда.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…