Басты тақырып

Демалыс күндері ауа райы құбылмалы: солтүстік пен оңтүстікте не күтіп тұр?

Сурет: Ашық дереккөз

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-батыс өңірлерде алдағы демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн райы жиі өзгереді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, апта соңында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді. Температуралық фон да тұрақсыз болады.

Батыс Қазақстан облысында да ауа райы өзгереді. Орал қаласы мен өңірде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Жергілікті тұрғындарға сақ болу ұсынылады.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 10-15 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы болады. Тек солтүстікте ғана салқындау күтіледі.

Көп оқылғандар