Қоғам

Дастан Сатпаев «Челси» сапында алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Сурет: Instagram/blueseasondaily

Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сатпаев лондондық «Челси» сапындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Индонезияда өткен Indonesia Super Cup турнирінің финалында «Челси» «Миланды» 3:0 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Кездесуде «Челсидің» сапынан Жоау Педру дубль жасап, тағы бір голды Мойсес Кайседо соқты.

Дастан Сатпаев матчты қосалқы құрамда өткізсе де, кездесуден кейін чемпиондық кубогты командаластарымен бірге көтерді. Осылайша 17 жастағы футболшы «Челси» сапындағы алғашқы трофейін жеңіп алды.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев ресми түрде 2026 жылғы 12 тамызда, 18 жасқа толған күні «Челси» ойыншысы атанады. Қазір маусым алдындағы турне аясында ол ағылшындық клуб сапында 36-нөмірмен өнер көрсетіп жүр.

Көп оқылғандар