Сурет: ашық дереккөз
Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Сондай-ақ, жақында Жанболат Қалдыбайұлы Үсенов Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық банк төрағасы қызметіне Тимур Сүлейменов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына Ермек Сағымбаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне Дмитрий Малахов тағайындалды.
