Басты тақырып

Чилидің он өңірінде төтенше жағдай жарияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Чилиде үздіксіз жауын-шашын мен су тасқыны қаупі салдарынан он өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір аймақтарда 180 миллиметрге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметі мен тау-кен компаниялары су тасқыны мен лай көшкінінің алдын алу үшін дағдарысқа қарсы жоспарларын іске қосты. Билік тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ауызсу қорын дайындауға шақырды.

Көп оқылғандар