Сурет: Egemen Qazaqstan
Бурабай ұлттық табиғи паркіндегі тау өртін сөндіру қиын жағдайда жүргізілді. Құтқарушылар таудың екі беткейіндегі жалынды бір уақытта ауыздықтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өртті сөндіруге 150-ден астам маман, 17 техника және Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ 15 рет су төгіп, барлығы 75 тонна су шашты.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ошақтарының бірі толық сөндірілсе, екіншісі оқшауланды.
Мазмұнға өту
