Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысының Таскала ауданында прокуратура салық заңнамасының сақталуын талдау жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында электрондық шот-фактуралардың деректерін 300.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстыру арқылы «J» ЖШС-нің қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасын төмендеткені анықталды.
Сонымен қатар уәкілетті орган камералдық бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу жөнінде тиісті шаралар қабылдамаған.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес анықталған бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге міндетті салық төлемдерінің түсуі қамтамасыз етілді.
Мазмұнға өту
