Categories Жайық news

БҚО-да киік етін өңдеу зауыты ашылады

Сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында киік етін қайта өңдеу өндірісін дамытуға бағытталған жаңа жоба іске асырылуда. Бұл бастама Қытайдың Chengtian Runkang Pharmaceutical компаниясымен бірлесіп жүзеге асады. Жобаның мақсаты – өңірдегі киік етін тиімді қайта өңдеп, нарыққа сапалы өнім шығару арқылы өңдеу саласын дамыту.

Сонымен қатар, Чехияның Sklostroj компаниясымен бірлескен жобада контейнерлік шыны өндірісіне арналған жабдықтар шығарылады. Аталған жобалар қатарында тері өңдеу зауытын жаңғырту және Орал қаласындағы кәріз тазарту нысанын қайта жаңарту жұмыстары да бар.

Жаңа өндірістер облыстың экономикалық әлеуетін арттырып, өңдеу саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және өңірдің индустриялық дамуына қосымша серпін береді.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…