Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қабылдауда көтерілген мәселелер денсаулық сақтау, құқық қорғау қызметі және әлеуметтік қорғау сияқты әртүрлі салаларға қатысты болды. Облыс тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға арналған жабдықтардың санын арттыруға қатысты өтініштерін де жеткізді.
Әкім әрбір азаматтың өтініші заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты қаралуға тиіс екенін атап өтті.
Жауапты мемлекеттік органдар мен басқарма басшыларына тұрғындардың өтініштерімен одан әрі жұмыс істеу және көтерілген мәселелерді шешудің заңды жолдарын іздеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
