Жайық news

БҚО әкімі Ақжайық ауданы тұрғындарымен жүздесті

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Ақжайық ауданына барып, Мерген ауылында тұрғындармен кездесті.

Кездесуге дейін өңір басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау тапқан жобалар мен жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған грант иегерлерінің өнімдері қойылған көрмені тамашалады.

Жиында Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Өз кезегінде Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттердің өңірде орындалу барысына тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *