Басты тақырып

«Болашақ ойындары – 2026»: Астанаға шетелдік делегациялар келе бастады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) халықаралық турниріне қатысу үшін елордаға шетелдік мәртебелі қонақтар мен спорттық делегациялар келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Турнир қарсаңында Астанаға алғашқы шетелдік ресми делегациялар келіп жатыр. Елорданың халықаралық әуежайында Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Тәжікстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті Дилшод Назаровты, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және Әзербайжанның Жастар және спорт министрі Фарид Ғаибов бастаған делегацияларды қарсы алды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Болашақ ойындары – 2026» спорт пен цифрлық технологияны ұштастыратын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен достықты нығайтуды көздейтін ірі халықаралық дода болмақ.

Көп оқылғандар