Шартарап

Боксшы Теміртас Жүсіпов пен жұбайы отбасылық жанжалға қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Видеодан алынған

Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов жұбайымен бірге отбасындағы жанжалға қатысты видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының айтуынша, отбасында келіспеушілік болған, алайда ерлі-зайыптылар жағдайды талқылап, отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдаған.

«Біздің отбасымызға қатысты көптеген әңгімелер мен пікірлер айтылды. Сондықтан бұл үндеуді бірге жазуды жөн көрдік. Иә, арамызда отбасылық жанжал болды. Екеуіміз де қорытынды жасап, маңызды әңгіме жүргіздік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік», деді Теміртас Жүсіпов.

Боксшының жұбайы өз кезегінде арызды қайтарып алу және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш беру шешімін өз еркімен қабылдағанын айтты. Ол ешқандай қысым көрмегенін, пабликтер мен БАҚ өкілдерін отбасына қатысты ақпаратты таратуды тоқтатуға шақырды.

Бұған дейін Айжан Жүсіпованың әпкесі қоғамнан қолдау сұрап, Теміртас Жүсіпов жұбайын соққыға жыққанын мәлімдеген. Ол әйелдің миына ісік түскенін айтқанымен, дәрігерлер бұл мәліметті растамады. Кейін қылмыстық іс қозғалып, Айжан Жүсіпова күйеуіне қатысты шара қолданбауды сұрап, қарсы өтініш жазған. Полиция тергеу амалдарын жалғастыруда.

Көп оқылғандар