Басты тақырып

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресейдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеделхатта Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны айтылған. Сондай-ақ Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары айрықша мәнге ие екені, оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларға серпін бергені атап өтілген.

Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Көп оқылғандар