Әлем

Газа секторында бір аптада 18 мыңнан астам адам жұқпалы ауруға шалдықты

Сурет: TASS

Газа секторында соңғы жеті күн ішінде тыныс алу жолдары мен тері ауруларына шалдыққандар саны 18 мыңнан асты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

БҰҰ деректері бойынша, науқастардың көпшілігі желшешек, паразиттік және бактериялық инфекциялардан зардап шеккен. Апта ішінде дәрігерлер шамамен 240 мың медициналық тексеру жүргізген.

Алайда аймақта дәрі-дәрмек пен медициналық материалдардың жетіспеушілігі, сондай-ақ жанармай бағасының қымбаттауы медициналық көмек көрсету мүмкіндігін шектеп отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль енгізген блокада мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі гуманитарлық қиындықтарға әкелгенін хабарлады.

Осыған байланысты БҰҰ халықаралық гуманитарлық құқық талаптарына сәйкес Газа секторы тұрғындарына гуманитарлық көмекті күшейтуге шақырды.

Көп оқылғандар