Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесіне қатысты екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңдарға қол қойды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

