Спорт

Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы нәтижелі пас саны бойынша рекорд жаңартты

Сурет: Getty Images

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы нәтижелі пастар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мундиальдің ширек финалында Швейцарияға қарсы ойында аргентиналық шабуылшы өзінің 10-шы голдық пасын берді. Осылайша Месси әлем чемпионаттары тарихында бұл көрсеткішке жеткен алғашқы футболшы атанды.

Қазіргі уақытта Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы ең үздік мерген болып табылады. Алты әлем чемпионатына қатысқан аргентиналықтың еншісінде 21 гол бар.

Аргентина мен Швейцария арасындағы ширек финалдық кездесу АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «Эрроухед» стадионында өтті. Матчтың негізгі уақыты тең аяқталды. Аргентина сапынан Алексис Мак Аллистер, ал Швейцариядан Ндой гол соқты. 72-минутта швейцариялық Эмболо екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Сан басымдығын пайдаланған аргентиналықтар қосымша уақытта жеңіске жетті. 112-минутта Хулиан Альварес Аргентинаны алға шығарса, матчтың соңғы минутында Лаутаро Мартинес тағы бір гол соғып, кездесудің нүктесін қойды.

Жартылай финалда аргентиналықтар Норвегияны 2:1 есебімен жеңген Англия құрамасымен кездеседі.

Көп оқылғандар