Қазақстандық танымал блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық хирургия клиникасында жасалған операция кезінде көз жұмды. Бұл қайғылы хабарды продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жариялады.
Сәуле Базархан әлеуметтік желіде мыңдаған жазылушысы бар белгілі тұлға болған. Ол өзінің жеке брендін дамытып, кәсіпкерлікпен айналысқан. Қайғылы оқиға Алматыдағы пластикалық хирургия клиникасында болған.
«Сәуле Базархан бүгін пластикалық операция кезінде қайтыс болды. Бұл біз үшін үлкен қайғы», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Клиника қызметкерлері мен дәрігерлерден жауап алынуда.

