Қоғам

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды

Сурет: Kozachkov offside

Әлеуметтік желіде блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамнан Қазақстанға жеткізіліп жатқан видеосы тарады. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Михаил Козачков жариялаған кадрларда блогердің жанында ер адам отырғаны көрінеді. Оның болжамынша, бұл Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері болуы мүмкін.

Қайсар Қамзаға іздеу 2026 жылғы 10 қаңтарда жарияланған. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының дерегіне сәйкес, ол әлеуметтік желідегі жеке парақшалары арқылы Қазақстан азаматтарына бағытталған Pinco интернет-казиносын жарнамалап, бейнематериалдар мен жазбалар жариялаған. Онда тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға шақыратын сілтемелер, графикалық материалдар, сондай-ақ пайдаланушыларға бонустар ұсынатын жеке промокоды орналастырылған.

Еске салайық, Қаржы мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға неліктен іздеу жариялағанын айтты. Блогер бұл мәліметтерді негізсіз деп атап, өзіне тағылған күдікке таңданысын білдірген еді. Ал мамыр айында Интерпол желісі бойынша Вьетнамда ұсталғаннан кейін Қайсар Қамза алғаш рет оқырмандарына өз жағдайы туралы мәлімдеген болатын.

Көп оқылғандар