Сурет: Үкімет
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Отырыс балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.
Жұлдыз Сүлейменова балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысы туралы баяндады. Бүгінде 10,8 мың ұйымда 3,2 млн-нан астам бала жазғы демалыспен қамтылған. Оның ішінде жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін 176 орталықта 116 мыңнан астам бала сауықтырудан өтсе, тағы 3,1 млн-нан астам бала 10,7 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь мен қосымша білім беру ұйымында демалған.
Мазмұнға өту
