Басты тақырып

Бішкектегі «Мадина» базарында өрт: 400 шаршы метр аумақ оқшауланды

Сурет: 24kg

Бішкектегі ірі тоқыма нарығы «Мадина» базарында өрт шығып, ол 400 шаршы метр аумақта оқшауланды. Қаланың барлық өрт сөндіру көлігі оқиға орнына жұмылдырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар жабық контейнерлерді ашып, іште қалған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Өртті сөндіру жұмыстарын Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрі Қанатбек Чыныбаев жеке өзі үйлестіріп жатыр.

Министрдің айтуынша, өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Нақты себеп өрт толық сөндірілгеннен кейін арнайы комиссияның тексеруі нәтижесінде анықталады.

«Мадина» базары үш күнге жабылып, саудагерлерге демалыс берілді. Өрт шыққан кезде базар жұмыс істемеген.

Көп оқылғандар