Categories Жайық news

«Бірнеше көшеге жөндеу жүруде» Оралда жол құрылысы қарқын алды

Орал қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бүгін шаһардағы бірқатар көшелердегі құрылыс барысы тексерілді.

Букетная, Черненко және Правдухин көшелерінде – ұзындығы 1,9 шақырым жол толық реконструкциялануда.
Есенберлин көшесінде – 1 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы жүріп жатыр. Преображенская және Евразийская көшелерінде – 1,7 шақырым жол қайта жөнделуде.
Циолковский көшесінде – 0,7 шақырым жол орташа жөндеуден өтуде.
Желтоқсан және Производственная көшелерінде – 1,08 шақырым жолға орташа жөндеу жасалуда.
Исатай батыр, Пойменная көшелері мен «Шанырақ» жастар үйіне апаратын жолда – 2,1 шақырым жол реконструкциялануда. Исаев пен Л.Толстой көшелерінде – 1,2 шақырым жол жөнделіп жатыр.
Жұмағалиев пен Жексенбаев көшелерінде – 1,3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ғ.Қараш көшесінде – 1,2 шақырымдық жол қайта салынып жатыр.

Қала әкімі мердігер компанияларға жұмыстың қарқынын арттырып, барлық ресурстарды жұмылдыруды тапсырды. Уақыт созып отырған мердігерлерге қатаң ескерту жасалды.

Билік өкілдерінің айтуынша, оралдықтар үшін сапалы әрі қауіпсіз жолдарды уақытылы қолданысқа беру – негізгі басымдық болып қала береді.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…