Categories Жайық news

Бір ғана тең ойын: «Қайрат» Чемпиондар лигасынан қанша табыс тапқаны белгілі болды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу арқылы 19,6 миллион еуродан астам (11,8 миллиард теңге) табыс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Клуб еурокубоктық додада жалпы сегіз матч өткізіп, бір ойында тең түсу арқылы небәрі 1 ұпай жинағанымен, қомақты қаржыға кенелген.

Табыстың негізгі бөлігі турнирдің топтық кезеңіне қатысқаны үшін төленді. Бұл сома – 18,62 миллион еуро.

Сонымен қатар, команда жалғыз тең ойыны үшін қосымша 700 мың еуро сыйақы алса, турнир кестесінде соңғы орын алғаны үшін тағы 275 мың еуроға ие болды.

Осылайша, «Қайраттың» Чемпиондар лигасынан тапқан жалпы табысы шамамен 19,6 миллион еуроға жетті. Бұл қазіргі бағаммен 11,8 миллиард теңгеге жуық қаражатты құрайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…