Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында баяндама жасап, 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзірленгенін айтты. Жоспарда мектептердің цифрлық инфрақұрылымын дамыту, педагог кадрларды даярлау және AI-шешімдерді қолдану көзделген. Қанатқақты жобаға 500 мектеп таңдалды, оның ішінде 250 шағын жинақты, 150 жалпы білім беретін және 100 келешек мектеп бар.

Министрдің айтуынша, 350 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өткен. OpenAI компаниясының GPT-edu платформасына 100 мың педагогке лицензия берілді. Жазғы кезеңде қанатқақты мектептердің педагогтерін кезең-кезеңімен оқыту жоспарланған.

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Кай-Фуд Лидің ұсынымдарымен жеке жоба жүргізіледі. І кезеңде (2026 жылғы 1 қыркүйек – 26 қазан) 10 шағын жинақты мектепте аппробация өтеді. Қызылорда және Павлодар облыстары қанатқақты өңірлер ретінде айқындалды. Аппробация 4-сыныптарда «Ана тілі», «Математика», «Цифрлық сауаттылық» және «Жасанды интеллект» пәндері бойынша жүргізіледі. ІІ кезеңде (3 қараша – 23 желтоқсан) пилотты 50 мектепке дейін кеңейту, ІІІ кезеңде (2027 жылғы 8 қаңтар – 24 мамыр) тағы 300 мектепті қамту жоспарланған.

Сондай-ақ ұлттық AI-білім беру платформасы енгізіледі. Кешенді жоспардың жеке бөлімі цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану мәселелеріне арналған.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жасанды зерде» ғылыми зерттеу институтының зерттеушісі, PhD Нұрзада Амангелдінің пікірінше, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу – уақыт талабы. Ол ЖИ-ді білімнің орнын басатын емес, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыратын технология ретінде қабылдау керектігін айтты. Ғалым инклюзивті білім беруде ЖИ-дің әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіледі – Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституция ережелерін іске асыру үшін конституциялық заңдарға қол…

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.