Қоғам

Білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы 7 тамызда жарияланады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижелер Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының және министр Саясат Нұрбектің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Бұл туралы мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі комиссия отырысынан кейін белгілі болды. Биыл конкурсқа 127 мыңнан астам өтініш түскен.

Талапкерлер арасында ең танымал бағыттар – «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар». Ал бір грантқа шаққандағы ең жоғары бәсеке аудармашы, дипломат, заңгер, психолог және педагог мамандықтарына түсушілер арасында болады.

Көп оқылғандар