Спорт

Бибарыс Әшірбай U19 әлем чемпионатында күміс медаль алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымы өткізген U19 әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

70 келідегі басты фаворит Бибарыс Әшірбай ақтық сында кадеттер арасында әлем чемпионы және Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы Джон Донохуеге (Ирландия) 0:5 есебімен жол беріп, күміс медаль иеленді.

Бибарыстың финалға дейінгі жолы:

  • 1/16 финал: Сантьяго Хименез Лоссо (Аргентина) – 5:0
  • 1/8 финал: Люк Насиф (Аустралия) – 5:0
  • 1/4 финал: Асанте Ламар (АҚШ) – 3:0
  • 1/2 финал: Зулфикор Адхамжонов (Өзбекстан) – 4:1

Айта кетейік, Бибарыс Әшірбай 2026 жылы Таиландтағы Futures Cup және U19 Азия чемпионатында топ жарды. Енді ол келесі аптада Дакарда (Сенегал) өтетін жасөспірімдердің жазғы Олимпиадасында да ел намысын қорғайтын болады.

Көп оқылғандар