Спорт

Бибарыс Әшірбай Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында ширек финалға шықты

Сурет: ҰОК

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

7 қарашада Қазақстан құрамасының өкілі Бибарыс Әшірбай алғашқы жекпе-жегін өткізді. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Ливия боксшысы Мохамед Джихадты мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, Бибарыс Әшірбай жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Бұған дейін Әсем Орынбай әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алғанын жазған едік.

Көп оқылғандар