Сурет: BILD
Берлинде өтіп жатқан прайд шарасы кезінде көлік жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, 14 адам жарақат алды, деп хабарлайды BILD, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында Тиргартен саябағына жақын Леннештрассе көшесінің маңында болды. Куәгерлердің айтуынша, ақ түсті фургон жоғары жылдамдықпен адамдардың арасына кіріп кеткен. Жедел қызметтер жаппай оқиға режиміне көшірілді.
Christopher Street Day — Берлиндегі прайд аясында жоспарланған барлық іс-шара мерзімінен бұрын тоқтатылды. Туннельге кіреберіс маңындағы оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары тез жетті. Сондай-ақ бұл аумақта полицияның үлкен күштері жұмылдырылды.
Полиция ықтимал күдіктілерді іздестіріп жатыр. Куәгерлер ер адамның көліктен секіріп түсіп, оқиға орнынан қашып кеткенін көргендерін айтты.
Мазмұнға өту
