Сурет: Egemen Qazaqstan
Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын білдірген. Сондай-ақ, ол биыл Президенттің шақыруымен Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беретінін атап өткен.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеде Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдаған еді.
Мазмұнға өту
