Жайық news

Бас прокуратурада жаңа тағайындау: Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойғаны Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Ерлан Өтегенов 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласының прокуроры қызметін атқарып келген еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар