Сурет: halyqstan
Балқаш қаласындағы өндірістік алаңда ауыр жарақатпен аяқталған оқиға болды. 47 жастағы токарь станокта жұмыс істеп жүріп, қолының білезік тұсынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жазатайым оқиға «Монтажник-ЭМ» ЖШС-нің Балқаш учаскесіндегі токарь цехында тіркелді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, 5-разрядты маман білікті зімпара қағазымен тегістеу кезінде станок оның оң қолын тартып, білікке орап жіберген.
Салдарынан ер адамның қолы білезік тұсынан травматикалық ампутацияланды. Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасы оны Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізді.
Мазмұнға өту
