Қоғам

Балқашқа баратын бағытта 4 шақырымдық айналма жол салынды

Сурет: Балқаш қаласының әкімдігі

Торанғалық – Шұбартүбек бағытында теміржол өткелін айналып өтетін 4 шақырымдық жолдың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Балқаш қаласы әкімдігінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары толық біткен. Ұзындығы 4 шақырым жолға екі қабат асфальт төселген.

Жаңа учаске Балқаш көлінің жағалауындағы демалыс орындарына қатынауды жеңілдетіп, жазғы маусымда көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді.

«Жазда Балқаш жағалауына баратын көліктер саны артатындықтан, айналма жолдың маңызы зор. Ол теміржол өткеліндегі кідірістерді азайтып, жол жүру уақытын қысқартуға көмектеседі. Жаңа учаске жергілікті тұрғындар мен туристердің қатынауын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған», делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, биыл жазда жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы рейстерін қабылдады. Қазіргі уақытта нысан сағатына 80 жолаушыны қабылдап, қызмет көрсете алады.

Көп оқылғандар