Саясат

«Байтақ» партиясы сайлауға 51 кандидат ұсынды

Сурет: «Байтақ» жасылдар партиясы

Астанада «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының кезектен тыс V съезі өтті. Партия алдағы сайлауға 51 кандидат ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиында партияның жаңартылған «Қазақстан – өмір сүруге қолайлы ел» атты сайлауалды платформасы қабылданды. Партия тізіміне енгендер қатарында 6 жас, 2 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Партияның мәліметінше, қазіргі таңда кандидаттардың екеуі мәслихат депутаты, ал 5 адам бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер болған. Партия өкілдері мұндай құрам экология, экономика, құқық, білім беру және мемлекеттік басқару салаларындағы тәжірибесі бар мамандарды біріктіретінін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл қоғамның түрлі әлеуметтік және кәсіби топтарының мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар