Спорт

Азия чемпионаты: бүгін жас боксшылар жартылай финалда өнер көрсетеді

Сурет: ҰОК

Индонезияның Джакарта қаласында U19 және U23 жас санатындағы бокстан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың тоғызыншы күнінде U19 санаты бойынша жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Күндізгі сессия сағат 10:00-де (Қазақстан уақыты) басталады. Мадира Жұмақан Үндістаннан Гунжанмен, Ақнұр Тұрсынғали Индонезиядан Дира Артикамен, Айсұлу Мұхит Өзбекстаннан Рушанабону Исоевамен, Камила Оспанова Оңтүстік Кореядан Мина Жангпен, Айдана Убайдуллақызы Қырғызстаннан Мирим Чинбековамен, Зарина Толыбай Вьетнамнан Зи Гунх Анх Лемен кездеседі.

Кешкі сессия сағат 16:00-де (Қазақстан уақыты) өтеді. Әділ Асқанбай Қырғызстаннан Нұрсұлтан Дуишоналиевпен, Едіге Нұрғожа Өзбекстаннан Елиор Рустамовпен, Ақжүрек Қалабай Индонезиядан Виктор Венгкангпен, Бибарыс Әшірбай Өзбекстаннан Саидхужа Садиллахужаевпен, Тимур Тайбеков Тәжікстаннан Хужамуминжон Холовпен, Руслан Ахметов Тайпейден Хао-Жан Янгпен, Жалғас Утебеков Өзбекстаннан Асадбек Султанбоевпен, Владислав Саможонов Филиппиннен Джек Рэдли Фитчпен жұдырықтасады.

Бұған дейін 12 қазақстандық боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шыққаны хабарланған.

Көп оқылғандар