Categories Жайық news

«Ауыр жарақат»: Шавкат Рахмонов жекпе-жегін кейінге қалдырды

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты тағы бір ота жасатқанын мәлімдеп, октагонға оралуы кейінге шегерілетінін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спортшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды және кейде арманның құны денсаулықпен өлшенеді.

«Бүгін мен шынымды айтуым керек: созылмалы жарақаттарыма байланысты тағы бір ота жасатуға тура келді. Толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Осыған байланысты менің октагонға оралуым кейінге қалдырылды», – деп жазды Рахмонов.

Файтер бұл жаңалықты қабылдау оңай болмағанын, бірақ әр сәтсіздіктің үлкен жоспардың бір бөлігі екеніне сенетінін жеткізді.

«Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды және жеңіске құштар болып ораламын. Мақсатым әлі өзгерген жоқ. UFC белбеуі Қазақстанға келуі тиіс. Қандай жағдай болмасын, менімен бірге қалатын барша жанкүйерге алғыс айтамын. Бұл – жолдың соңы емес, оның маңызды бір тарауы ғана», – деп түйіндеді сөзін спортшы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…