Басты тақырып

Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады

Сурет: aqorda_resmi

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құттықтауында ол Қазақстанның мәдениеті мен тарихи мұрасын атап өтіп, Президент Тоқаевтың көшбасшылық қасиеттеріне жоғары баға берді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді.

Сонымен қатар Трамп мемлекеттер арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізіп, президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе.

Көп оқылғандар