Categories Саясат

«Ауыл» партиясы құрылтайға 69 кандидаттың тізімін бекітті

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Ауыл» партиясының XXVI кезектен тыс съезінде құрылтайға ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезге 150 делегат қатысып, нәтижесінде тізімге 69 адам енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Партиялық тізімге Мәжілістің соңғы шақырылымының депутаттары Қарақат Әбден, Серік Егізбаев, Жигули Дайрабаев, Николай Арсютин және Ерболат Саурықов енді. Ал Мәжіліс депутаттары Анас Баққожаев пен Аян Зейнуллин кандидаттар қатарынан орын алмады.

Сондай-ақ тізімге партияның жаңа төрағасы Қайрат Айтуғанов, «Бірлік» ЖШС-нің басшысы Жандос Әбдіжаппаров, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Ұлан Әбдіханов, Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Фарид Әбітаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Айтбаев, Қызылорда облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары Дәурен Бабамуратов, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Самал Нұғманова және басқа да үміткерлер кірді.

Жалпы партиялық тізімдегі кандидаттардың 71 пайызы – ерлер, 29 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар үміткерлердің 8,7 пайызы ерекше қажеттілігі бар азаматтар.

Ұқсас жазбалар

«Ақ жол» партиясы құрылтайға 63 үміткердің тізімін бекітті

«Ақ жол» демократиялық партиясы кезектен тыс съезінде құрылтайға 63 үміткердің тізімін бекітіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Ақ жол» съезінде кейбір партиялардың масылдықты саяси бағдарламаға айналдыруы сыналды

Астанада өткен «Ақ жол» демократиялық партиясының съезінде партияның саяси бағдарламасындағы негізгі бағыттар талқыланды.

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы: ашықтық пен жауапкершілік

Қазақстан жаңа саяси кезеңге аяқ басты. Биыл 23 тамызда ел тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарының…