Ауыл мектептеріне ерекше көңіл: Тоқаев жасанды интеллект туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беруге жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Құжатта шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға басымдық берілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарлық бойынша, еліміздің білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу жеделдейді. Атап айтқанда, жасанды интеллект көмегімен оқу үдерісін жекелендіру және мұғалімдердің жүктемесін азайту көзделген.

Ауыл мектептеріне ерекше назар аударылып отыр. Ондағы балалардың қалалық оқушылармен тең дәрежеде білім алуына жағдай жасалмақ. Бұл үшін заманауи цифрлық платформалар мен интерактивті оқу құралдары енгізіледі.

«Біздің басты мақсатымыз – әрбір баланың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Әсіресе, шалғайдағы шағын жинақты мектептерге айрықша көңіл бөлінуі тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Жарлықты жүзеге асыру үшін Үкіметке бірқатар тапсырма жүктелді. Оның ішінде арнайы жол картасын әзірлеу және қажетті қаржыландыру көздерін айқындау бар.

Ұқсас жазбалар

Астанада екі көшеде көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу қойылды

Астанада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне 15 пәтер кілті табысталды. Шараға Президент кеңесшісі Айбек Смадияров қатысты.

Екі облыста жер сілкінісі сезілді

Бүгін Астана уақытымен сағат 18:34-те сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы…