Қоғам

Ауа райына байланысты үш бағытта көлік қозғалысы шектелді

Сурет: Egemen Qazaqstan

8 қараша күні сағат 17:20-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты жазғы шиналармен жабдықталған көліктердің барлық түріне республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шектеу енгізілген бағыттар: «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 18-232 шақырымы (Астанадан Щучинскіге дейін); «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырымы (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін); сондай-ақ осы автожолдың 200-254 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).

Жол қозғалысын 9 қараша күні сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы білуге болады.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» Павлодар облысында 7–8 қараша күндері ауа райы күрт өзгеріп, республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелуі ықтимал екендігін хабарлаған болатын.

Көп оқылғандар