Ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл болатынын ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мамандарының болжамынша, бүгін еліміздің батыс, солтүстік және орталық аймақтарында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ пен шаңды дауыл соғуы мүмкін.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді», — деді Қазгидромет маманы.

Төтенше жағдайлар департаменті халықты сақ болуға шақырады. Дауыл кезінде ашық алаңда жүрмеу, үй ішінде болу ұсынылады. Жаңбыр мен бұршақтан зардап шекпеу үшін көліктерді жабық тұраққа қойған жөн.

Ұқсас жазбалар

Алматыда күдікті ер адам ұсталып, полицияға тапсырылды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Қазақстанда 7-9 шілдеде 40 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 7-9 шілде аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы өзгермелі болады.

«Ауыл» бағдарламасына өңір тұрғындарының 75 мыңнан астам ұсынысы енгізілді

«Ауыл» бағдарламасына өңір тұрғындарының 75 мыңнан астам ұсынысы енгізілді.