Жайық news

Авиациялық әкімшілік: Иран әуе кеңістігі қазақстандық ұшақтар үшін жабылды

Interior view of an airplane cabin with passengers seated, focusing on seats and layout.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ирандағы ұшу қауіпсіздігіне төнген қатерге байланысты отандық әуе компанияларына бұл елдің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұдан былай қазақстандық тасымалдаушылар Иранның әуе кеңістігінде, оның аумағында және жақын маңда рейс орындай алмайды. Бұл шешім аталған аумақта қауіптің артуына байланысты қабылданған.

«Барлық рейс қауіпті аймақты айналып өтеді. Жағдай Авиациялық әкімшіліктің бақылауында. Қатердің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданады», – деп ескертті ведомство.

Көп оқылғандар