Басты тақырып

Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды

Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Атырауда 36 жастағы журналист қомақты қаражат талап етті деген күдікпен ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, ол жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге алып бермесе, компания қызметіне қатысты бейнематериалды жариялаймын деп қорқытқан.

Құқық қорғаушылар күдіктіні қаладағы қонақ үйлердің бірінде қолға түсірген. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер бұл іске басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *