Сурет: Egemen Qazaqstan
Астана республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасына қосылды. Қыркүйек айында елордада алты айға созылатын марафон басталады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, марафонға қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, кейін тестілеу мен зияткерлік квиздерден өтуі тиіс.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге берілетін сыйақы:
Марафонға кімдер қатыса алады?
Жобаға 6-10 сынып оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, ата-аналар және жасына әрі мамандығына қарамастан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Марафон қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Қатысуға тіркелу қыркүйек айында жобаның ресми сайтында ашылады.
Сонымен қатар күзде елордада әдеби кездесулер, кітап акциялары мен көпшілік оқулары ұйымдастырылады.
Мазмұнға өту
