Сурет: Egemen Qazaqstan
Елордадағы №99 мектепте жаңа смарт сынып ашылды. Мұнда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект оқу процесіне енгізілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған үш арнайы бағдарлама бар. Олар есту және көру қабілеті төмен балаларға, сондай-ақ интеллект деңгейінің жеңіл бұзылыстары бар балаларға бейімделген. Айтұмар Сәрсенбек есімді ерекше бала цифрлық партада сабаққа белсене қатысып, бір сағаттан астам уақыт бойы зейінін аудармады.
Мұғалім Жанат Найманғазинованың айтуынша, смарт сыныпта жұмыс істеген екі ай ішінде оқушылардың білім сапасы шамамен 30 пайызға артқан. Сондай-ақ балалардың мектепке деген қызығушылығы мен сабаққа белсенділігі едәуір өскен.

