Сурет: Ашық дереккөз
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылы мен Р1 көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 19 және 20 шілде күндері бұл учаске ішінара жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, елордадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT желісінің екінші кезеңі аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.
Мазмұнға өту
