Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада полиция қызметкерлері қала саябақтарының бірінде әйел адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарламадан кейін 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, 29 шілде күні таңертең белгісіз біреу оған саябақта артынан келіп шабуыл жасап, күш қолданбақ болған. Қыз қарсылық көрсетіп, қатты айқайлаған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші оның видеосын түсіріп үлгерген. Оқиғадан кейін полицияға арыз берілген.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, хабарлама түскен бойда жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Полицияның айтуынша, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Іс материалдары соттың қарауына жолданды.
Мазмұнға өту
