Басты тақырып

Астанадағы Қажымұқан стадионы халықаралық стандартқа сай жаңғыртылды

Сурет: Астана әкімдігі

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион халықаралық талаптарға сай жаңартылды. Бұл жұмыс Президент тапсырмасы бойынша қала прокуратурасының мемлекетке қайтарған қаражаты есебінен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңарту барысында спорттық жарыстар, жаттығулар мен жаппай іс-шаралар өткізуге қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ елордада жалпы құны 57 млрд теңгеден асатын 3 жоба іске асырылуда.

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың салынуы мен сатылуы Астана прокуратурасының тұрақты бақылауында екенін атап өткен жөн.

Бұған дейін стадионның техникалық ашылуы 25 мамырға жоспарланғаны, кейін 4 маусымға ауыстырылғаны хабарланған болатын.

Көп оқылғандар