Сурет: Egemen Qazaqstan
Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. ТЖМ күштері мен құралдары өртті тиімді сөндіру үшін жұмылдырылды.
Полигон аумағын инертті материалмен жабу бойынша инженерлік жұмыстар атқарылды. Астана қаласының әкімдігі инженерлік және құрылыс техникасының жұмысын қамтамасыз етіп, топырақ жеткізуді үздіксіз ұйымдастырды. Полигонға шамамен 15 мың тонна инертті материал жеткізіліп, пайдаланылды. Бұл өрт ошақтарын оқшаулауға, аумақты барынша жабуға және оттың қайта таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
ТЖМ бөлімшелері мен Астана қаласы әкімдігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 3 гектар аумақты қамтыған өрт толық сөндірілді.
Мазмұнға өту
