Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында 22 шілде күні кешке төбе жабынының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, оқиға вокзал кешенінің үшінші қабатында сағат 19:45 шамасында болған. Қызметкерлер зақымдалған аймақты тексеріп, ақаудың жаңбыр суын ағызу жүйесіндегі құбырлардың жалғанған жерінің бұзылуынан пайда болғанын анықтады.
Мамандар ақауды тез арада жөндеп, құбыр қосылыстарын қалпына келтіріп, жіктерін толық герметизациялады. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң зақымдалған аумақ тазартылып, жуылып, құрылыс қалдықтары мен бөгде заттар шығарылды.
Компания мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Мазмұнға өту
