Басты тақырып

Астанадағы базар аумағында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті

Сурет: istockphoto.com

Астанадағы базар аумағында орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Байқоңыр ауданындағы Ш. Жиенқұлова көшесіндегі базар аумағында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылып, газ-ауа қоспасы жарылған.

«Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жарылыс ғимараттың бірінші қабатындағы тандыр самса әзірлейтін бөлмеде болған. Оқиға салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Көп оқылғандар